БҚО-да көші-қон заңнамасын бұзғандар жауапқа тартылды
Батыс Қазақстан облысында көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау күшейтілуде, - деп хабарлайды 24KZ, Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.
Өңірлік Полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының мәліметінше, сот шешімдерін орындамаған 19 шетелдік азамат ел аумағынан мәжбүрлі түрде шығарылған.
Ведомствоның хабарлауынша, сот қаулыларын орындаудан жалтарып жүрген тұлғаларды анықтау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Қызметкерлер құқық бұзушыларды анықтап, сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған арнайы іс-шараларды іске асыруда.