Тау-кен және құрылыс саласында еңбек құқығы жиі бұзылады

Елде тау-кен өңдеу мен құрылыс саласында қызмет атқаратын жұмысшылардың еңбек құқығы жиі бұзылады. 

Ресми деректерге сүйенсек, биыл мемлекеттік еңбек инспекторлары 1100-ден астам тексеру жүргізіп, нәтижесінде 1200-ден астам заң бұзушылықты анықтаған. Осылайша, 17 мыңнан астам жұмысшының еңбек құқығы қорғалды.

Осы саланы бақылайтын министрліктің хабарлауынша, зардап шеккендердің дені тау-кен өңдеу, құрылыс саласында еңбек етіп жүр. Биыл мемлекеттік инспекторлар 17 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғаған. Бұлардың көбі маңдай термен тапқан жалақысын ала алмағанын айтқан. Тексеруден кейін жұмыс берушілерден 452 миллион теңге жалақы берешегін өндіріп алды. Өзге өңірлерді былай қойғанда Астананың өзінде жұмысшыларының жалақысын кешеуілдетіп беретін компаниялар бар. Мәселен, Елордада 4 кәсіпорынның қызметкерлеріне жалақы қарызы 22,2 млн теңгеге жеткен. Жалпы Астанада 267 906 кәсіпорын жұмыс істейді. Онда шамамен 738 мың адам еңбек етеді. Жауаптылар: «Осыған байланысты жалақының уақытылы төленуі мен әлеуметтік кепілдіктердің сақталуы – бақылау маңызды бағыттардың бірі», - дейді.

Ерлан Исмағұлов, Мемлекеттік Еңбек инспекциясы комитетінің Астана бойынша департамент басшысы:
- 13 сәуірдегі жағдай бойынша 4 кәсіпорында 64 қызметкерге 22,2 млн теңге жалақы төленбегені анықталды. Мемлекеттік еңбек инспекторлары бұл бағытта тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Кәсіпордардың барлығы тексеріліп, жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оларға жалақыны толық өтеу туралы міндетті нұсқамалар берілген.

Енді елде техникалық инспекторлардың өкілеттігі кеңейтіліп, еңбек қауіпсіздігіне бақылау күшейеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардың жұмыс барысында құқықтарының сақталуын бақылау жүйесін қайта құрып жатыр. Жауаптылар кез келген қызметкер өндірісте жарақат алып қалмау үшін жаңа тетіктер қарастырады. Әуелі қоғамдық бақылау құралдарын кеңейтеді. Ол үшін Парламент қарауына тиісті Заңға түзетулер жолданды. Соның арқасында техникалық инспекторлар ақпаратты өз бетінше сұратуға, жұмыс орындарына тексеру жүргізуге мүмкіндік алады. Әрі Инспекторларға мемлекеттік органдармен тең дәрежеде тергеп-тексерулерге қатысуға заңды құқық беріледі. 

Нұрлан Өтешев, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары:
- Мемлекеттік еңбек испекциясының 5 жыл бұрын жергілікті атқару органдарының құзыретіне қарайтын. Сол себепті көп дау болып жататын және де ақпаратты жасыру болатын. Қазір орталық атқарушы орган Еңбек министрлігіне қайтадан өткені де өз оң ықпалын көрсетіп отыр. Мемлекеттік еңбек инспекциясының нәтижесін біз БАҚ-тан көріп отырмыз.

Өкініштісі – сол елде дәл осы Еңбек инспекторлары тапшы. Мамандардың айтуынша, халықаралық стандарттарға сәйкесе алмай отырмыз. Себебі кем дегенде 10 мың адамға 1 еңбек инспекторы қызмет етуі қажет. Ол былай тұрсын, біздің елде жалпы еңбек инспекторларының саны 300-ге де жетпейді.

Нұрлан Өтешев, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары:
- Еңбек инспекторларының саны әлі де жетіспейді. Менің білуімше, қазір еңбек инспекторларының саны 260-270 адамнан аспайды. Сонымен қатар ол сан жалпы мына халықаралық стандартқа қарағанда екі есе көбейіп жатар еді. Ал стандартта 10 мың адамға шамамен 1 еңбек инспекторы болуы керек. Еңбек инспектоларының сапысы да мәселе. Себебі қазір еңбек инспекторы жан-жақты жоғары компитенцияға ие болуы керек.

ЖИ жұмыспен қамтуды жеңілдетеді

Бұдан былай Жасанды интеллект жұмысқа орналасуды жеңілдетпек. Жүйе азаматтың білімі мен тәжірибесіне қарай өзіне лайық жұмыс ұсынатын болады. Яғни бос жұмыс орындарын іріктеп, бағыт береді. Бұл қызметтер Enbek.kz платформасы арқылы кезең-кезеңімен енгізіледі. Қазір жұмыспен қамтуға қатысты қызметтердің басым бөлігі онлайн форматқа көшірілген. Осылайша әлеуметтік-еңбек саласы толық цифрландырылып жатыр. Қазір келісімшарттар, тексерулер және жазатайым оқиғаларды тергеу бір жүйеге біріктірілді. Соның негізінде еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасы жасалды.

Бахтияр Жазықпаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:
-  Биыл жасанды интеллектіні қолдану аясын кеңейту жоспарланып отыр. Оның ішінде зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау, қандас мәртебесін беру және жұмыспен қамту шараларына жолдау қызметтері қамтылады. Бұл ретте жасанды интеллектті қолдану арқылы қалыптастырылған шешімдер ұсынымдық сипатта болатынын және тек қабылданатын шешімдердің сапасы мен объективтілігін арттыру мақсатында пайдаланылатынын атап өткен жөн.

Мамандар өндірісті өңірлерде қайғылы жағдай жиі болатыны айтады. Мәселен, тек үш айдың ішінде Қарағандыда 31, Қостанайда 27, Шығыс Қазақстанда 24 адам жапа шеккен. Ақтөбе, Атырау облысы мен Алматы қаласында да апат жиі тіркеледі. Мұндайда кәсіпорын басшылары жарақаттанғандар мен жан тапсырғандардың жақындарына әлеуметтік көмек көрсетуге міндетті. Мемлекет мезіреті де бар.