Елде «Әділет» партиясы құрылады

Елде тағы бір партия пайда болады. Жаңа саяси ұйымның атауы «Әділет» деп аталады. 

Партия прогрессивті реформалардың жақтаушысы, заң үстемдігін нығайту және шешім қабылдау процесіне азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуді қолдайды. Негізі міндеті мен мақсаты жаңа Ата заң мен Әділетті Қазақстанның құндылықтары негізінде ел азаматтарының құқықтарын, бостандығы мен мүддесін қорғау. Саяси ұйым құрамына жаңашыл жастар, түрлі сала мамандары қосылады. Бастамашы топ ертең партияны тіркеу туралы министрлікке өтініш жіберіп, жақын арада құрылтайдың съезін өткізуді жоспарлап отыр.