Алматы облысында «Таза өлке – таза жер» акциясы өтті
Алматы облысының Іле ауданында «Таза өлке – таза жер» шарасы өтті. 300-ден астам тұрғын тазалық сенбілігінде ағаштарды әктеп, аулалар мен тарихи ескерткіштер аумағын тазартып, 200 түп көшет екті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастырып, адамдардың қоршаған ортаны аялауға деген жауапкершілігін арттырады.
Баян Топар, Асқар Тоқпанов ауылының тұрғыны:
- Бұл – өте керек дүние. Отан отбасынан басталады. Сондықтан біздің отбасымыздан, табалдырығымыздан шыққаннан бастап айналамыз таза болатын болса, жақсы. Адам мен табиғат егіз жаралған. Сондықтан да бір-бірімізден ажырамауға тиістіміз. Ол ажырамау деген сөз – тазалықты сақтау.
Қайыржан Жақсымбетов, Іле ауданының әкімі:
- Наурыз айынан бері осы уақытқа дейін 10 мыңнан аса адам қатысып, іс-шара өткізіп жатырмыз. Бүгінгі күнге дейін 5 мығнан аса ағаш отырғызылып, мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Келешек ұрпаққа үлкен бір үлес қосып, олардың тәлім-тәрбиесін, сана сезімдерін оятатын үлкен жұмыс деп ойлаймын.