Қазақстанда жаңа саяси партия құрылмақ

Қазақстанның саяси аренасында «Әділет» деп аталатын жаңа партия құрылады. Бастамашыл топ бүгін тіркеуге құжат тапсырды.

Ұйымдастыру комитеті жұмысты Әділет министрлігінен хабарлама алғаннан кейін бастайды. Партия азаматтардың құқықтарын қорғаумен қатар жаңа Конституцияда бекітілген әділеттілік қағидаттарын берік ұстанады. Бастамашыл топқа медиа, қоғамдық ұйымдар, білім беру және қаржы салаларының өкілдері кірді. Олардың қатарында Қарлығаш Жаманқұлова, Рауан Кенжехан, Марат Шибұтов, Ренат Бектұров және Динара Закиева бар.

Рауан Кенжехан, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті:

- Менің ойымша бұл жаңа Конституцияда айтылған әділеттілік жалпы Әділетті Қазақстан қағидаттарын қолдайтын азаматтардың ниеті. Осы тұрған топ сол азаматтардың аманатын арқалап келіп отыр. Заңға сәйкес Әділет министрлігі біздің сол талабымызды қабыл алып өздерінің рұқсаттарын береді деп сенеміз.