Бейбітшілік аралын су басты

Семейдегі Бейбітшілік аралының жарты аумағын су басты. Қала тұрғындары серуендеп, денсаулығын шыңдайтын орын қазір уақытша қолжетімсіз болып отыр.

Бұл Шүлбі су электр станциясынан жоспарлы түрде су жіберілуіне байланысты. Ертіс бассейндік инспекциясының мәліметінше, су деңгейі 435 сантиметрге дейін көтерілген. Дегенмен мамандар бұл көрсеткіштің қалыпты екенін айтады. Қазір су деңгейі біртіндеп төмендеп келеді. Жалпы «Денсаулық соқпағының» су астында қалуы жыл сайын қайталанатын табиғи құбылыс.

Медет Жәдігерұлы, Ертіс бассейндік су инспекциясының басшысы:

- Семей қаласындағы Бейбітлішік аралына су шығу фактісі байқалады. Бұл жыл сайын болатын құбылыс. Ертіс өзенінен Бейбітшілік аралы арқылы су осылай жыл сайын ағып өтеді. Одан айтарлықтай қауіп жоқ. Алаңдайтындай қауіп жоқ.