Елімізде кітап оқу дәстүрі жанданды
Елімізде кітап оқу дәстүрі жоғалған жоқ. Оқу мәдениетін жандандыруға мемлекеттің айрықша қамқорлығы дем беріп отыр.
Президенттің бастамасымен «Ұлттық кітап күнінің» белгіленуі - жастарды кітап оқуға баулуды, кітапханалардың рөлін күшейтуді әрі әдебиетті насихаттауды көздейді. Бұл жайында Мемлекет және қоғам қайраткері, публицист Сауытбек Абдрахманов ой бөлісіп, қалың оқырманды Кітап күнімен құттықтады. Айтулы дата рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында бекітілген маңызды шешім екені аталып өтті.
Сауытбек Абдрахманов, Мемлекет және қоғам қайраткері, публицист:
- Мемлекеттік қамқорлықтың нақты бір айғағы ретінде Ұлттық кітап күні белгіленгенін айтуға болады. Қазір кітапты шығаруға қамқорлық, бөлінетін қаржы да жылдан-жылға күшейіп келеді. Демек, стимул бар, мотивация бар. Қазір қалам ұстаған ағайындардың өз еңбегін шығаруға да, лайықты ақы алуына да жағдай жасалып отыр. Сондықтан қазір қолға алынған оқитын ұлт бағдарламасы аясында үлкен жұмыстар атқарылады деп біз сенеміз.