Жезқазғанда үздік оқырмандар марапатталды

Жезқазғанда Ұлттық кітап күніне арналған шарада үздік оқырмандар марапатталды.

«Кітап-алтын қазына» көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылып, кітапханашылардың еңбегі көпшілік назарына ұсынылды. Жалпы қала кітапханаларына бір жылда 74 мың оқырман келген. «Бұл шағын шаһар үшін үлкен көрсеткіш » дейді сала мамандары. Кітап оқу мәдениетін әлі де дамыту үшін,  ғимараттарды жаңғыртып, кітап қорын көбейту жұмыстары жүріп жатыр.   Мысалы, қалалық кітапханада 36 мыңға жуық  кітап бар. Оның 20 пайыздан астамы сандық форматқа көшірілді.

Гүлжан Әлкеева, қалалық кітапхана әдіскері:

- Негізгі бұл күннің мақсаты – оқырмандардың мәдениетін қалыптастыру және кітапқа деген сүйіспеншілігін насихаттау, кітапқа деген қызығушылығын артты.

Айбота Ибаділда, студент:                       

- Кітап өткен мен бүгінді байланыстыратын көпір болып табылады. Мен өзім кітап оқыған кезде автормен сұхбаттасқан  сияқты боламын. Өзімнің қатарластарыма, болашақ жастарға да кітап оқуға кеңес беремін.