ШҚО-да кибералаяқтыққа байланысты 200 іс тіркелген
Шығыс Қазақстанда киберпол қызметкерлері банк мамандарымен бірлесіп жұмыс істеп жатыр.
Банк операцияларының осал тұстарын анықтап, қорғаныс механизмдерін күшейтпек. Жалпы жыл басынан бері өңірде кибералаяқтыққа байланысты 200 қылмыс тіркелді. Тұрғындарға 400 миллион теңге шығын келген. Цифрлық технологияны әбден меңгерген алаяқтар небір күрделі жүйені пайдаланады. Сондақтан алдын алу жұмыстарын күшейту қажет дейді,- мамандар.
Нұрай Арыстанбек, ШҚО ПД Басқармасының аға жедел уәкілі:
- Қазір бұл бағыттағы қылмысты ашуға әсіресе басты алаяқтарды табуға ден қойып отырмыз. Дропперлерді анықтап жатырмыз. Күрделі жұмыс болса да нәтиже бар.Үш ай ішінде азаматтарға келтірілген шығынның жалпы 90 млн теңгесі қайтарылды.