«Таза Қазақстан»: Хабарлықтар экологиялық акцияға үлес қосты

Астанадағы Ермек Серкебаев атындағы музыка мектебінің аумағында да экологиялық акция өтті.

Іс-шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында көрнекті тұлғаның 100 жылдығына орайластырылды.  Экологиялық науқанға қатысқан «Хабар» агенттігінің қызметкерлері тамаша концерттік бағдарланың куәсі болды. Онда қазақ музыкасында аңызға айналған әншінің туындылары шырқалды. Оқушылар танымал медиа тұлғалармен бірге ағаш отырғызып, естелік суретке түсті. Ұйымдастырушылар, мұндай шаралар балаларды туған қаланың тазалығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейтінін айтады. Әрі белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастырады.

Кемелбек Ойшыбаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы:

- Бүгін «Хабар» Агенттігі «Таза Қазақстан» үлкен жобасы аясында Ермек Серкебаев атындағы музыка мектебімен бірлесіп осындай іс-шара өткізуде. Жалпы «Таза Қазақстан» бір күндік акция емес, ол еліміздің санасына осы айналамыздағы тазалықты күнделікті сақтау. Біз осы акцияны насихаттау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Өзіміздің арнайы бағдарламамыз бар. Сонымен қатар күнделікті көрсетумен қатар осындай іс-шараны өткізіп қатысып мектеппен бірге қолға алдық. Мектепте өткізуіміздің маңызы біріншіден жастарға арналған.

Гүлмира Жангелді, Е. Серкебаев атындағы № 3 балалар музыка мектебінің директоры:

- Бұл балалар үшін өте маңызы зор шара. Оқушыларымыздың есінде мәңгі қалады деп ойлаймын. Ересектердің көрсеткені бұл балалар үшін үлкен тәрбие өнеге. Педагог ретінде сөзбен айтқаннан көрі іспен көрсеткеніміз абзал. Сонда олар жүрегімен қабылдайды.