Синтетикалық есірткі өндірген күдіктілер ұсталды

Фото: ҚР ІІМ

Шығыс Қазақстан облысында синтетикалық есірткі өндіретін зертхана анықталды, деп хабарлайды 24KZ.

26 және 22 жастағы екі күдікті ұсталды. Олардың шалғай ауылдардың бірінде үй алып, сол жерде синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырғаны анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары мен тінту барысында заңсыз айналымнан зертханалық жабдықтар, 70 келі дайын синтетикалық «Альфа-PVP» өнімі, сондай-ақ шамамен 4 тонна химиялық реагенттер мен прекурсорлар тәркіленді.

Тергеу барысында қылмыстық әрекеттің интернеттің көлеңкелі сегменті арқылы қашықтан жүргізілгені анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Есірткі өндірісін ұйымдастырушыларға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.