Азғыр өңіріне электр желісі тартылады
Атырау облысының ең шалғай аймағы Азғыр өңіріне электр желісі тартылады. Ұзындығы 250 шақырымнан асатын желі 9 елді мекенді отандық энергия көзімен қамтамасыз етеді.
Қазір азғырлықтар тоқ көзін Ресей Федерациясынан алады. Оның техникалық мүмкіндігі өз алдына, тарифы да жоғары. Бұл мәселені былтыр Құрманғазы ауданының мәслихат депутаттары қоғамдық тыңдауда көтерген. Қазір облыс бюджетінен қаражат қарастырылып, жұмыстар шілде айында басталады деп шешілді.
Гүлжанат Қалиева, Құрманғазы аудандық мәслихатының төрағасы:
- Өзіміздің аудан орталығынан электр желісі тартылатын болса, әрине біздің сол өңірдегі халқымыздың біріншіден, тұрмыстық жағдайы жақсарады деп есептейміз. Онан кейін мына әлеуметтік нысандардың тұрақты жұмыс жасауы және халықтың тұрақтылығы болады деп ойлаймыз. Сондықтан аладғы уақытта осы мәселе аудан үшін шешімін табады деген сенімде отырмыз.