Қазақстандықтар мамыр айында неше күн демалады?

Фото: depositphotos.com

Күнтізбелік есепке сәйкес, бес күндік және алты күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтардың демалыс күндері әртүрлі болады. 

Бес күн жұмыс істейтіндер үшін:

Мамыр айында төрт мерекеде демалыс беріледі.

1 мамыр (жұма) – Қазақстан халқының бірлігі күні;

7 мамыр (бейсенбі) – Отан Қорғаушы күні;

9 мамыр – Жеңіс күні (9 мамыр сенбіден 11 мамыр дүйсенбіге ауыстырылады);

27 мамыр (сәрсенбі) – Құрбан айттың бірінші күні.

Алты күндік жұмыс аптасы үшін:

1 мамыр (жұма) – демалыс, 2 мамыр (сенбі) – жұмыс, 3 мамыр (жексенбі) – демалыс;

7 мамыр (бейсенбі) – демалыс;

9 мамыр (сенбі) – демалыс, 10 мамыр (жексенбі) – демалыс, 11 мамыр (дүйсенбі) – жұмыс;

27 мамыр (сәрсенбі) – Құрбан айттың бірінші күніне байланысты демалыс.

Сонда мамыр айында аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер 14 күн демалады. Ал 6 күндік кестемен еңбек ететіндерге 9 күн демалыс қарастырылған.