Ақтөбе - Орынбор әуе рейсі қайта жанданады
Биыл Ақтөбе-Орынбор бағытындағы әуе қатынасы қайта жанданады. Жоспар Орынбордағы ресейлік және қазақстандық тараптардың кездесуінде талқыланды.
Тікелей рейс сапар уақытын бір сағатқа дейін қысқартып, іскерлік, туристік және гуманитарлық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді. 2013 жылдан бері орындалып келген рейстер пандемия алдында тоқтатылған еді. Сондай-ақ Орынбор әуежайында жаңа терминалдың ашылуы жоспарланып отыр.
Асхат Шахаров, Ақтөбе облысының әкімі:
- Өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мақсатында Орынбор-Ақтөбе бағытын жандандыруды ұсынамыз. Біз бұл сұрақты талқылауға дайынбыз. Сондай-ақ форум, этномәдени және гастрономиялық іс-шаралар өткізуге ниеттіміз.
Евгений Солнцев, РФ Орынбор облысының губернаторы:
- Мәдени байланысқа қатысты әлеуетіміз зор. Бізде шын мәнінде үлкен қазақ қауымы бар. Өнер ұжымдарымыз Қазақстанға жиі барады және қазақстандықтар да, өнерлерін паш етіп тұрады. Бірлескен спорттық іс-шаралар да ұйымдастырылады. Енді міне, әуе байланысын қайта жандандырғалы жатырмыз.