ШҚО-да сегіз ауылға газ тартылады

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы сегіз ауылды газбен қамтуға арналған жобалық сметалық құжатқа түзетулер енгізіледі.

Сарытерек, Сарыжыра, Бақасу, Біржан, Жарсу, Қуаныш, Көкжыра және Дайыр елді мекендеріне көгілдір отын тарту мәселесі 2019 жылдан бері шешілмей келеді. Сол кезде конкурсқа қатысқан мердігер компаниялар арасында дау шыққан. Ақыры олардың ісі сотқа дейін жетіп, жұмыс орта жолда тоқтап қалды. Енді жобалық-сметалық құжат сараптамадан өтіп, қаржы уақытылы бөлінсе, келер жылы ауыл жұртының арманы орындалады, - дейді сала мамандары.

Наурызбай Сармурзин, Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:

- Бүгінгі таңда Зайсан ауданында 8 ауылды газдандыру мәселесіне, жоба түзетілуде корректоровка дейміз ғой, түзетілуде. Министрлікпен келісім хаты алынды, яғни түзету бойынша қазіргі таңда жобаның аяқталғанын,оң нәтижесін экспертиза нәтижесін күтіп отырмыз, сол кезде бағасы белгілі болады.