Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адам сотталды
Сот бұрынғы шенеунік Ержан Бабақұмаровтың өлімі бойынша айыпталған Астана тұрғынын кінәлі деп таныды, деп хабарлайды «24KZ».
Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталушыны Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім биыл 20 ақпанда шығарылып, заңды күшіне енді.
«Басты сот талқылауы жабық режимде өткенін ескере отырып, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы талаптарына сәйкес, іс бойынша өзге мәліметтер жария етілмейді», – деп хабарлады Астана қалалық соты.