Зейнетақы жинағының шекті мөлшері жаңаша есептеледі
Енді зейнетақы жинағының шекті мөлшері жаңа әдіспен есептеледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі экономикалық тұрғыдан тиімді тәсілге көшіп жатқанын хабарлады.
Ведомство өкілдері бұл қадам арқылы азаматтарды лайықты зейнетақымен қамтамасыз етпек. Себебі бұған дейінгі әдіс «мінсіз» сценарийге негізделген. Яғни азамат жарналарды тұрақты аударып, зейнет жасына дейін қажетті соманы жинайды деп болжанады. Ал табыстың болмауы немесе жұмыссыз кезеңдер ескерілмеген. Жаңа тәсілде өмір сүру ұзақтығы мен инвестициялық табыс және болашақ төлемдердің көлемі назарға алынады.