Жамбыл облысында Аса өзенінің жағалауы тазартылды

Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Аса өзенінің жағалауы күл-қоқыстан тазартылды. «Таза бейсенбі» акциясына 70-тен астам  экобелсенді қатысты.

Олар жағалау бойында шашылып жатқан қатты қалдықтарды жинады. Шараға қатысушылар 1,5 тонна қоқыс шығарды. Аса өзенінің жағалауына демалушылар жиі келеді. Дегенмен бәрі бірдей тазалық талаптарын сақтай бермейді. Сондықтан бұл аумақ әрдайым табиғат жанашырларының назарында.  Жалпы жыл басынан   өңірде «Таза Қазақстан» акциясына қатысушылар 10 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық жинаған.

Талап Әбдібеков, «AMANAT» партиясы Жамбыл аудандық филиалының төрағасы:

- Негізінен демалыс күндері адамдар көп шоғырланатын жерлерде тазалық жұмыстарын жүргіземіз. Мына жерге жыл басынан бері үшінші рет келіп отырмыз. Өйткені судың жағасы, аудан емес бұл жерде қаланың тұрғындары да келіп, демалыс күндерін осында өткізеді, сол себепті көп ластанады осы жер. Басты мақсатымыз – аудан жұртшылығына отырған жерін, жүрген жерін тазалықты, тазалық сақтауды шақырып отырмыз.