«Әділет» партиясы цифрлық платформасын таныстырды

Астанада жаңадан құрылып жатқан «Әділет» партиясының цифрлық платформасы таныстырылды. 

Қоғам мен БАҚ өкілдеріне оның жұмыс тәртібі түсіндіріліп, ұйымдастыру комитетінің мүшелері журналистер сауалына жауап берді. Ұйым белсенділері: «Ашықтық пен цифрландыру бағытын негізге алдық», - дейді. Ниет танытқандар платформа арқылы партия құндылықтарымен, бағдарламасы және бастамашыл топтың құрамымен таныса алады. Сондай-ақ осы цифрлық ортада партияны қолдау және оның қатарына қосылудың қарапайым қадамдары көрсетілген.

Рауан Кенжеханұлы, «Әділет» саяси партиясын құруға бастамашы топтың уәкілетті өкілі:
- Біз қазір съезге дайындалып жатырмыз. Тіркелуге қажетті талаптың бірі – осыны өткізу және Қазақстандықтардың кемінде 5 мың адамның қолын жинау. Партияны құруға қолдау білдірген азаматтардың тізімі – бұл. Қазіргі таңда осындау ауқымды жұмысты цифрлық шешімдер арқылы іске асыру сұранып тұрған дүние деп ойлаймыз. Сондықтан платформаны іске қосып жатырмыз.