БҚО-да кесене маңы тазартылды

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында «Таза Қазақстан» акциясы өтті. 

Ауданның белсенді жастары мен Оралдан келген 100-ден астам ерікті экологиялық акция аясында «Тақсай ханшайымы» кесенесінің төңірегін көң-қоқыстан тазартты. Тарихи ескерткішті әктеп, айналасына гүл екті. 2012 жылы Долинный ауылы маңындағы Тақсай қорымынан археологиялық қазба жұмыстары кезінде Алтын адам табылған. 2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында біздің заманымызға дейінгі V-IV ғасырларға жататын сармат әйелінің рухына тағзым ретінде осы жерге кесене тұрғызылды.

Гауһар Шайхиниязова, «AMANAT» партиясы ОФ атқарушы хатшысының орынбасары:

- Осы жерде тазалық жұмыстарымен қатар танымдық жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Яғни бүгінгі шара бұл біздің ескерткіштерімізге деген құрмет. Ол тарихқа деген үлкен тағзым болып есептеледі. Сол себепті де біз әрқашанда осындай біздің тарихи орындарымыздың үнемі таза тұрған және күтімді қажет ететін жағдайда келіп тазалап тұруға барлық тұрғындарымызды шақырамыз.