1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі 1996 жылдан бері тойланып келеді. 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүреді.

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, елде халық саны 20 млн 500 мыңнан асты. Халықтың ұлттық құрамының өсуі де көңіл қуантады.

Оның негізгі бөлігін қазақтар құрайды. Сондай-ақ 3 млн-ға жуық орыс, 700 мыңға тарта өзбек және 367 мыңнан астам украин бар. Сол секілді түрік, қырғыз, ұйғыр, татар сынды этностар мен этностық топтардың өкілдері тұрады.

Қазақтар – 14 664 202 (71,5%)

Орыстар – 2 943 022 (14,4%)

Өзбектер – 695 557 (3,4%)

Украиндер –  367 547 (1,8%)