Қостанайда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы талқыланды
Қостанайда көппәтерлі үйлерді тиімді басқару тәсілдері мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Мұнда «Тұрғындар аманаты» партиялық жобасы аясында «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» атты аймақтық форум-семинар өтті. Оған пәтер иелері кооперативтерінің төрағалары, Мәжіліс және жергілікті атқарушы органдардың депутаттары қатысты.
«Тұрғындар аманаты» партиялық жобасы бүкіл Қазақстан бойынша енгізілуде. Басты назарда - Пәтер иелері кооперативі пен Мүлік иелерінің бірлестігі жұмысының ашықтығын арттыру тетіктері бойынша заңнамадағы өзгерістер.
Александр Данилов, AMANAT партиясының хатшысы:
- Бірінші кезекте, «ОСИ-skills» арнайы оқыту іс-шарасы өткізіледі. Үй проблемаларын шешу дегеніміз заңдарды білу немесе белгілі бір проблемаларды шешу үшін арнайы тетіктерді білу деген сөз.
Форумда мүлік иелері бірлестіктерінің төрағаларын оқытуға, оларды тұрғындармен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге үйретуге және кооперативтерді қайта тіркеуге ерекше назар аударылды.
Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Шілде айына дейін ПИК-терді қайта тіркеуден өткізу қажет. Заңда кооперативтерді қайта тіркеу рәсімі барынша жеңілдетілді. Бүгінде бұл өте қарапайым процесс.
Өңірде көппәтерлі үйлерді басқарудың қазіргі заманғы әдіс-тәсілдеріне кезең-кезеңмен көшуде. Ең бастысы – қаржы шығыстарының ашықтығына және тұрғындарды шешім қабылдауға тартуға баса назар аударылады.
Құмар Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі:
- Біздің алдымызда заң талаптарын іске асыру ғана емес, мемлекеттің, жергілікті атқарушы органдардың, басқарушы ұйымдардың және тұрғын үй иелерінің өзара іс-қимылының тұрақты, ең бастысы тиімді жүйесін құру міндеті тұр. Шығыстардың ашықтығын қамтамасыз ету ерекше мәнге ие. Адамдар бұл қаражаттың қайда бағытталатынын нақты түсінуі керек.
Форумға қатысушылардың пікірінше, «Тұрғындар аманаты» жобасын іске асыру тұрғын үйді басқару сапасын арттыруға және өңірдің барлық тұрғындары үшін жайлы және ашық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін құруға мүмкіндік береді.
Авторлары: Серік-Ибраһим Орынбек, Сергей Трахтенберг