Петропавлда «Бір шаңырақ астында» мерекелік концерті өтіп жатыр. Live

Петропавл қаласында Қазақстан халқының бірлігі күні «Бір шаңырақ астында» атты концерттік бағдарламамен басталды.

Мерекелік шарада этномәдени бірлестіктер салт-дәстүрін паш етіп, ұлттық құндылықтарын дәріптеп жатыр. 

Бізде мамыражай мамырдың алғашқы таңы арайлап атты. Аспан шайдай ашық. Бүгінгі ауа райы да бір шаңырақ астында тату – тәтті ғұмыр кешіп жатқан ел – жұрттың көңіл-күйін аңғартып тұрғандай. Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шаралардың шымылдығы қаланың басты алаңында ашылды. Бұл жерде этномәдени бірлестіктердің қатысуымен мерекелік концерт өтіп жатыр. Сахна төрі осында тұратын әр ұлттың ән мен жырына бөленген. Осылайша, олар өзінің салт – дәстүрін дәріптеп, ұлттық құндылықтарын паш етті.

Шыңғыс Құрбанов, Әзербайжан этномәдени бірлестігі СҚОФ төрағасы:

- Мен өз атымнан Әзербайжан мәдениеті орталығы атынан шын жүректен Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, бірлік, тірлік болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Қазақстан гүлдене берсін. Бірлік күні құтты болсын!

Солтүстік Қазақстан облысында 184 этно-мәдени бірлестік тіркелген. Олар өңірдің қоғамдық-мәдени өміріне белсене қатысып, түрлі іс – шаралар ұйымдастырады. Ал Бірлік күніне арналған мерекелік шаралар қала бойынша кешке дейін жалғасады.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков