Семейде бірлік күні тойланды
Семейде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде тойланды.
Таңғы сағат 7 -де тұрғындар «Бірлік жүгірісі» марафонына қатысып, Ет комбинаты алаңынан Мұхтар Әуезов алаңына дейін бірнеше шақырым жүгіріп өтті. Мерекелік шаралар Семейдегі Республика алаңында жалғасты.
Біз қазір Қарағайлы ықшам ауданында өтіп жатқан «Достық» фестивалінің ортасында тұрмыз. Мұнда этномәдени орталықтар ұлттық құндылықтарын таныстырып, арнайы көрме алаңдарын ұйымдастырған. Қала тұрғындары ұлттық тағамдардан дәм татып, салт-дәстүрлермен жақынырақ танысуда. Сондай-ақ мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, өнерпаздар «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп...» тақырыбында өнер көрсетуде.
Рахметолла Рақышев, Семей қаласының тұрғыны:
- Қазақстан Халықтарының бірлігі жарасып. Бір дастарханнан бір шөйгім шәй ішіп, бір нанды бөліп жеген тату-тәтті жандай болып отырмыз. Бірігіміз жарасып, тірлігіміз жақсара берсін. Менің тілегім сол. Өте тамаша! Мейрам құтты болсын!
Фестиваль аясында балаларға арналған «Достық» көрмесі, «Достық кітапханасы» әдеби алаңы және қолөнершілердің «Қолдан жасалған керемет» жәрмеңкесі жұмыс істеуде. Сонымен қатар спорт сүйер қауым үшін «Sport Life» ойын алаңы ұйымдастырылған. Ұйымдастырушылар тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін үшін барлық жағдайды қарастырған. Атап айтқанда, медициналық қызмет пен қауіпсіздік шаралары толық бақылауда. Семейдегі мәдени фетиваль мерекелік концертпен түйінделді.
Авторлары: Рүстем Қайратұлы, Мәди Базарбеков