Риддер қаласының жылу желілерін жөндеуге 1,8 млрд теңге бөлінді
Үкімет Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу желілері мен ЖЭО жабдықтарын жөндеуге резервтен шамамен 1,8 млрд теңге бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды «24KZ».
Қаражат қала инфрақұрылымын 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындауға жұмсалады. Бөлінген қаржы жылу желісінің тозығы жеткен 12 учаскесіне, сондай-ақ Риддер ЖЭО-дағы №5 және №6 қазандық агрегаттарында күрделі жөндеу жобаларын аяқтауға бағытталады.
Жұмыстарды жүргізу қажеттілігі техникалық тексеру нәтижелерімен расталды. Мамандар жылу жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін бірінші кезекте жөндеуді қажет ететін учаскелер мен жабдықтарды анықтады. Өткен жылыту маусымы барысында жекелеген учаскелерде зақымданулар мен тозу белгілері анықталып, оларды жоспарлы түрде жаңарту қажеттілігі дәлелденді,- делінген хабарламада.