Еліміздің инвестициялық әлеуеті артады

Әсіресе шетелден қаржы тартуға басымдық беріледі. Бүгін Қазақстанның инвесторлар және Шетелдік инвесторлар кеңесі қауымдастықтары өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Тараптар күш-жігерін біріктіріп, инвесторлар құқығын қорғауға және қаржы тарту бағытындағы тәуекелдерді азайтуға ниетті. Ол үшін 1 жылға арналған Жол картаны да қабылдады. Оның аясында ауқымды форумдар ұйымдастырылып, саладағы түйткілдерді шешу мәселелері талқыланбақ. Айта кету керек, бүгінде Қазақстан Орталық Азиядағы негізгі инвестициялық орталыққа айналып отыр.

Ерлан Досымбеков, Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі қауымдастығының басқарма төрағасы:

- Мемлекет басшысы 2029 жылға қарай инвестиция тарту көлемін 450 млрд долларға жеткізу керектігін атады. Бұл дегеніміз нақты меже бар және алдағы уақытта қарқынды жұмыс істеу керек деген сөз. Былтырдың өзінде елімізге 20 млрд доллардан астам инвестиция құйылды.

Рустам Жүрсінов, Қазақстан инвесторлар қауымдастығының басқарма төрағасы:

- Біз қабылдаған Жол картасында 7 бағыт бар. Олардың арасында меншік құқығын қорғау мен ивестициялық жобаларды арнайы сүйемелдеу бағытын айырықша айтамыз. Алға қойған міндеттерді жүйелі іске асыру үшін Шетелдік инвесторлар кеңесі қауымдастығымен бүгін келісімге қол қойып отырмыз.