Қостанай облысында қаңыраған үйлер қайта жаңғыртылады

Арқалық қаласында биыл ұзақ жыл қаңырап бос тұрған 3 көп қабатты үйді қалпына келтіріп, ел игіліне тапсыру көзделіп отыр.

Нәтижесінде 70-ке жуық отбасы баспаналы болмақ. Оның сыртында бұрын сүріліп тасталған 7-ші шағын ауданда коттеждер бой көтереді. Ол жерге жеке үй салуға қазірдің өзінде 160 адам өтініш беріпті.

Осыдан 3-4 жыл бұрын Арқалықтың орталығында 10 шақты көп қабатты үй есік, терезесі үңірейіп, бос тұрған еді. Бүгінде соның жетеуі жөнделіп, кезекте тұрғандарға, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына берілді. Сол пәтерлердің бірі бес баланың анасы Айсұлу Қызбикинаға бұйырды.

Айсұлу Қызбикина, Арқалық қаласының тұрғыны:

- Біраз жыл күттік. 2009 жылдан бері үйдің кезегінде тұрдым. Енді 2025 жылдан бастап әкімшіліктен көпбалалы ана ретінде алып отырмын. Төрт бөлмелі үй.

Мынау 6 қабатты ғимарат 30 жылға жуық қаңырап бос тұрды. Биыл күн жылына мұнда жөндеу жұмыстары басталды.

Еркебұлан Мыржықов, мердігер:

- Әрине, тастанды дүние болғаннан кейін көріп тұрсыздар қалпына келтіріп жатырмыз. Сыртын қаптаймыз, металлсайднигпен терезесін салып, домофонына дейін бәрін қойып түгел береміз ғой.

Биыл осындай 3 үй қайта жаңғырытылып, шамамен 60-70 пәтер қолданысқа беріледі. Бірақ Арқалықта баспана кезегінде тұрғандардың саны көбеймесе, азаяр емес.

Абылай Тұрғанов, Арқалық қаласы ТҮКШ бөлімінің басшысы:

- Көп жандар бұрыңғы үй кезегінен шығып кеткен. Өздері шығып кетіп, қайтадан келіп сот арқылы қалпына келтіріп жатыр. Үстінен келіп тұрып жатыр, Арқалықтың дамып жатқанын көріп, қайтып келіп жатыр.

Ескі үйлері сүрілген 7-ші шағын ауданнан коттедждер салуға жер берілетін болды. Қазірдің өзінде 160 адамнан өтініш түсіпті. Жергілікті билік үйлер қала көркіне нұқсан келтірмейтіндей біркелкі болуын талап етіп отыр.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг