Қымыз мейрамын неге ұмыттық?

Таяуда Еуропаны жаяу шарлап келген 76 жастағы Сәрсенбай ата да жаһанға ұлттық қымыз мейрамын насихаттап жүр.

Жүрген жерінде бие сүтінің қасиетін айтып, ұлттық мереке жайында сағаттап айтуға бар. Жиһанкез әрі зерттеуші Сәрсенбай Қотырашевтің айтуынша қымыз мейрамының ұмыт болғанына 3 ғасырға жуықтады. Алайда құндылығы әлі де өзекті. Жиһанкез ата-бабамыз жылқыны алғаш болып қолға үйреткенін айтады. Сол кезде бие сауып, қымыз ашытқан. Ақсақал "Қазақ халқы ұлттық қымыз мейрамын 1718 жылға дейін тойлаған" дейді. Бұл егін егіліп, мал төлдеп болған кез шаруасын бір жақты етіп, көкорай шалғында бие жайып, қымыз ішіп отыратын уақытқа дөп келген. Сәрсенбай Қотырашев қымыз мейрамы бұл қымыз-мұрындықтан бөлек маусымның 22-сінде тойланған мереке дейді.

Сәрсенбай Қотырашев, жиһанкез:

- Қымызмұрындық деген - ол мейрам емес, дәстүр. Әр отбасында жеке өтетін. Себебі бие ерте құлындайды, кеш құлындайды, ерте байлайды, кеш байлайды. Бұл мейрамға жатпайды. Дәстүр. +++СКЛ -Қымыз мейрамы бір-ақ күнде тойланады. Біздің ұлттық мейрамымыз күннің ең ұзарған күні тойланған.  

Қымыз мейрамы жаңғыртыла ма? 

Расында, Еуропа, Қытай, Парсы елдерінің тарихшылары, сондай-ақ Геродоттың жазба деректерінде "скифтерде ең жақсы сусын - қымыз, ал үлкен мереке - «қымыз» мерекесі» деген дерек бар. Армян, Ресей тарихшылары да өз еңбектерінде «Көшпелілердің үлкен мерекесі - «қымыз мерекесі» деп көрсеткен. Өкініштісі, Кеңес Одағы кезінде ұмыттырылды.