Дзюдодан ұлттық құрама жасақталды

Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарының жүлдегері. Қытайдың Санья қаласында кешенді жарыс жалғасып жатыр. 

Қазақстандық Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеудің жылдамдық дисциплинасында 4,81 секунд нәтижемен қола жүлдеге ие болды. 

56 дзюдошымыз гранд-слэмге қатысады. Бірер күннен кейін Астанада жапон жекпе-жегінен әлемдік аламан өтеді. Оған 39 елден 300-ден аса спортшы тіркелді. Ең көп қатысушы Қазақстаннан. Өйткені біздің ел жарысты қабылдаушы тарап ретінде әр салмаққа 4 спортшыдан тіркей алады. Қазақстан дзюдо федерациясы осы мүмкіндікті максималды пайдаланып, 14 салмаққа 56 дзюдошыны шығарғалы отыр. Олардың арасында Шерзод Давлатов, Мағжан Шамшадин, Ғұсман Қырғызбаев, Нұрқанат Серікбаев, Нұрлыхан Шархан сияқты ұлттық құраманың үздіктері бар. Өкінішке қарай, тізімнен Елдос Сметов пен Әбиба Әбужақынованы көре алмадық. Екі спортшы да жарақатына байланысты аталмыш жарысқа қатыспайды. Әлемдік гранд-слэмнің өзі 8-10 мамыр аралығында Астана төріндегі жекпе-жек сарайында болады. Татамидегі тартысты өз көзіммен көрем деушілер жергілікті тұрғындар мен елорда қонақтарына кіру тегін.     

Мейірім Нұрсұлтанов Америкаға аттанды

Мейірім Нұрсұлтанов Америкаға аттанды. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Лос-Анджелес қаласындағы халықаралық рейстер қабылдайтын терминалдан суретін жариялады. Бокс жанкүйерлері жақсы біледі, Мейірімге АҚШ визасын алу қиынға соқты. Былтыр екі рет талпынып, екі рет ала алмаған. Биыл ғана ресми рұқсатқа қол жеткізді. Сәйкесінше, көп ұзамай келесі жекпе-жегін өткізу үшін мұхит асты. Айта кетейік, Мейірім қазір орта салмақта WBC рейтингісінде бірінші орында тұр және дәл осы тұжырым бойынша әлем чемпионы Карлос Адаместің міндетті қарсыласы саналады. Жерлесіміз соңғы жекпе-жегін 2023 жылдың қарашасында өткізді. Ташкент төрінде чилилік Хулио Аламосты төрешілер шешімімен жеңген болатын. Ал келесі қарсыласы, яки келесі жекпе-жегі жайында әзірге нақты ақпарат жоқ. Алайда жақын күндері белгілі болады деген үміттеміз. 

Рыбакина рейтингтегі жағдайын жақсартты 

Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы болуға бір табан жақындады. Қазір Испанияның Мадрид қаласында теннистен WTA 1000 санатындағы турнир өтіп жатыр. Қазақстандық Елена Рыбакина жарысты іріктеу каезеңінен аяқтады. Оның басты бәсекелесі Арина Соболенконың да жолы болмады. Ол былтыр дәл осы байрақты бәсекеде топ жарып еді. Биыл ширек финалдан аса алмады. Сәйкесінше, өзінің чемпиондық атағын қорғай алмады деген сөз. Енді беларусь қызының әлемдік рейтингтегі ұпайдары азаяды. Яғни 10895-тен 10110-ға төмендейді. Ал Рыбакина, керісінше, күн өткен сайын көрсеткішін жоғарылатып келеді. Мадридттегі жарысқа дейін оның еншісінде 8500 ұпай болды. Жарыстан кейін ол 8555 ұпайға көтеріледі. Осылайша, әлемнің бірінші және екінші ракеткалары арасындағы ұпай айырмасы қысқарып келеді.