Атырауда 100-ден астам жүргізушінің құқы қорғалды

Фото: depositphotos.com

Атырау қаласының прокуратурасы полицияның 100-ден астам әкімшілік қаулысының күшін жойды, деп хабарлайды «24KZ». 

Қолданыстағы заңнамада жүргізушілердің жанында қағаз түріндегі құжаттары (жеке куәлік пен жүргізуші куәлігі) болуы тиіс деген міндеттің жоқтығына қарамастан, оларды ӘҚБтК-нің 612-бабы 1-бөлігі бойынша заңсыз әкімшілік жауаптылыққа тартқан.

«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңның 7-бабына сәйкес, осы Заңның талаптарына сәйкес келетін және оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат қағаз жеткізгіштегі қол қойылған құжатпен бірдей.

Қадағалау актісі бойынша 100 заңсыз қаулының күші жойылып, осылайша азаматтардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.