Ипотека мөлшерлемесі 20%-ға дейін төмендейді

Фото: depositphotos.com

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық Банкі бірлескен қаулысымен банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (ЖТСМ) шекті деңгейлері бекітілді, деп хабарлайды «24KZ»

2026 жылғы 1 шілдеден бастап мынадай шектер қолданылады:

·         қамтамасыз етілмеген банктік қарыздар – 46%;

·         кепілмен қамтамасыз етілген қарыздар – 35%;

·         ипотекалық тұрғын үй несиелері – 25%.

Сонымен қатар, ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша мөлшерлеме кезең-кезеңімен төмендетіліп, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап 20%-ға дейін қысқарады.

Микрокредиттер бойынша шекті мөлшерлеме 46% деңгейінде белгіленген. Ал 45 күнге дейінгі қысқа мерзімді микрокредиттер үшін күндік мөлшерлеме 0,3%-дан аспауы тиіс, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 179%-дан жоғары болмауы қажет.

Жаңа талаптар қаржы нарығын реттеуді күшейтіп, қарыз алушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған.