Алматыда жергілікті өндірушілер форумы өтіп жатыр
Қазақстандық өндірушілер мұнай-газ саласындағы ірі жобаларда белсенділік танытып жатыр. Бұл туралы NCOC компаниясының ұйымдастыруымен өткен жергілікті өндірушілер форумында айтылды.
NCOC компаниясы Қашаған кен орнын игеретін Солтүстік Каспий жобасын басқаратын оператор. Жиында отандық бизнес өкілдерінің сатып алу жоспары талқыланды. Сондай-ақ жеткізушілерге қойылатын талап пен тендерге қатысу мүмкіндіктері айтылды.
Алматыдағы форумға Қашаған кен орнымен бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі өндірушілер қатысты. Қазақстандық компаниялар өз мүмкіндіктерін таныстырды. Өз ретінде NCOC компаниясының өкілдері қатысушыларға қандай өнімдерге сұраныс жоғары екенін айтты. Сондай-ақ іріктеу мен сатып алу жұмыстарын таныстырды.
Жандос Оразалиев, NCOC компаниясы басқарушы директорының орынбасары:
- Ішкі қамтуды дамыту ол тек қана тауар және өндірісті дамыту ғана емес. Ол компанияларға біз өзіміздің ішкі процедураларымызды түсіндіру мақсатында және ол кісілердің мұң мұқтажымен танысуға және сұхбат құруға жиналып отырмыз.
Айта кетейік, Солтүстік Каспий жобасында қазақстандық бизнестің үлесі артып келеді. 2004 жалдан бері жергілікті жеткізушілерге тауар мен қызмет үшін 18 миллиард доллардан астам қаржы төленді. NCOC кәсіпорындарға да қолдау көрсетеді. Яғни халқыралық стандартдарды енгізумен және мамандардың біліктілігін арттыруға ықпал етеді.
Әділбек Дәулетияров, компания өкілі:
- NCOC компаниясы біз үшін стратегиялық тұтынушы ғана емес. Олар біздің өндіруші ретінде дамуымызға ықпал етеді.
Нұрсұлтан Ахмедия, NCOC компаниясының жергілікті қамту бойынша менеджері:
- 2025 жылдың нәтижесі бойынша жергілікті қамту үлесі біздің компаниямыздың ішінде жетпіс пайыздан асты. Қарапайым тілмен айтқанда, NCOC-дің жұмсалған әрбір он долларының, жеті доллары елдің экономикасына жұмыс істеуде, елдің ішінде қалды дегенді білдіреді.
Соңғы 20 жылда оператордың қолдауымен 230-дан астам компания ISO, ASME и API стандарттары бойынша сертификатталды. Бұл күндері NCOC өкілдері алматылық бірнеше кәсіпорынға барды. Онда отандық өндірістің мүмкіндігі таныстырылды.
Авторлары: Ернұр Рысбай, Сержан Жұмабаев