Президент стенд атудан жеңімпаз Ә. Орынбайды құттықтады

Мемлекет басшысы стенд атудан Алматыдағы Әлем кубогы кезеңінде жеңіске жеткен Әсем Орынбайды құттықтады. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік рекордты жаңартып, жеңіс тұғырына көтерілген спортшының асқан шеберлік танытқанын атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, Әсем Орынбайдың Әлем кубогы кезеңіндегі, сондай-ақ Азия чемпионаты мен Азия ойындарындағы табысты өнері елімізде нысана көздеу спортының даму деңгейі жоғары екенін көрсетеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров ресми telegram-дағы арнасында жариялады.