15 әскери қызметшіге баспана кілті табысталды
Отан қорғаушылар күніне орай 15 әскери қызметші баспаналы болды.
Тұрғын үй кілтін Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Жоғары Бас Қолбасшы атынан табыстады. Жаңа пәтерлер тұрмысқа қажетті жиһаз бен техникамен қамтылған. Бүгінде әскери қызметшілер – Тәуелсіздігіміздің берік қалқаны. Олар еліміздің тыныштығын, жеріміздің тұтастығын күзетіп келеді. «Сондықтан мұндай игілікті іс – мемлекет тарапынан көрсетілген құрмет пен қолдаудың айқын белгісі», - деді Дәурен Қосанов.
Динара Бекмағамбетова, ефрейтор, аға телефонист:
- Астана қаласынан екі бөлмелі пәтер алып жатырмын. Қуанышымды шек жоқ! Жоғары тұрған басшылыққа алғыс білдіремін, көп рақмет! Үйіміз жанға, малға толсын.