Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы заң қаралды
Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы заң халық халаулыларының қоғам алдындағы жауапкершілігіне қатысты мәселелерді жүйелі түрде реттейді.
Парламент палаталарының бірлескен отырысында сенатор Ғалиасқар Сарыбаев құжаттың - биліктің жаңа институционалдық моделін қалыптастырудағы маңызын атап өтті. Құрылтай тек заң қабылдап қана қоймай, атқарушы билікке бақылауды күшейтіп, маңызды шешімдерге тікелей ықпал етеді. Сонымен қатар Құрылтайдың ішкі қызметін ұйымдастыру мәселелері де жан-жақты регламенттелген. Оның ішінде отырыстарды өткізу тәртібі, шешім қабылдау рәсімдері және жұмыс органдарын қалыптастыру тетіктері нақты айқындалған.
Ғалиасқар Сарыбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Бұл жердегі жаңа нәрсе – Әдеп жөніндегі өкіл құрылды. Ол фракция мүшелерінен сайланады. Ең басты нәрсенің бірі осы деп ойлаймын. Себебі депутаттың мәдениеті, оның мәртебесі туралы мәселелер күн тәртібінде тұрды. Соған байланысты осы мәселені кіргізгені дұрыс деп ойлаймын. Ол регламентпен анықталатын болады. Бүгінгі күні Құрылтайда жұмыс істеу регламенті, Конституциялық заң жобасы жан-жақты талқыланды.