Қостанайда қоршаған ортаға қауіп төндірген кәсіпорындар анықталды
Қостанайда облыстық прокуратурасы өнеркәсіптік нысандардың жұмысынан заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды «24KZ».
Қостанай облыстық прокуратурасының мәліметінше, Бейімбет Майлин ауданында эпидемиялық маңызы жоғары 11 кәсіпорын, олардың ішінде асфальтбетон зауыты, ірі элеватор, сондай-ақ бірқатар жер қойнауын пайдаланушылар көптеген жылдар бойы белгіленген санитарлық-қорғау аймақтарынсыз (СҚА) және санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыларсыз жұмыс істеген.
Барлық кәсіпорындар әкімшілік жауапқа тартылды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 6,3 млн. теңгені құрады.
Прокуратураның араласуынан кейін аталған кәсіпорындар санитариялық-қорғау аймақтарын белгілеу жобаларын ресімдеу және қажетті қорытындылар алу бойынша жұмысты бастады. Тиісті және уақтылы мониторинг жүргізбегені үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды -делінген хабарламада
Санитарлық қорғау аймақтары - бұл өнеркәсіптік және басқа нысандарды тұрғын үй аумақтарынан бөлетін және зиянды факторлардың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға әсерін қауіпсіз деңгейге дейін төмендетуге қызмет ететін қорғаныс тосқауылы.
Санитарлық-қорғау аймақтарының болмауы тұрғындардың денсаулығы мен экологиясына тікелей қауіп төндіреді.