Шымкентте ескерткіштердің айналасы тазартылды

Шымкентте Жеңіс күні қарсаңында ескерткіштер мен «Даңқ» мемориалының аумағы қоқыстан тазартылып, айналасы абаттандырылды.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына педагогтер мен оқушылар, мемлекеттік қызметшілер және коммуналдық сала жұмысшылары қатысты. Олар алдымен  генерал Сабыр Рахымовтың, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының және майдангер Әлия Молдағұлованың рухына тағзым етіп, құрмет көрсетті. Шара барысында ардагерлердің өмір жолы мен ерен ерлігі туралы естеліктер айтылды.

Ербол Байқоныс,  «AMANAT» партиясы қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары:

- Даңқ мемориалында жазылған тақтайшаларды тазалап жатырмыз. Осы жердегі барлық талдардың түптерін әктеп жатырмыз. Бұл қазір қала аумағының алты жерінде өтіп жатыр. Бүгін 1500 адам қатысып жатыр. Бұл біздің «AMANAT» партиясының «Өнегелі ұрпақ» акциясы аясында жүргізіліп жатқан бірден бір іс-шарамыз. Әрі қарай да өз жалғасын табатын болады.