Бүгін ҰБТ басталды

Тестілеу 10 шілдеге дейін жалғасады. Биыл 240 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысады. 

Олардан екі мүмкіндікті есепке алғанда 446 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Тапсырушылардың  74%-ы қазақ, 26%-ға жуығы орыс тілінде, ал 851 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге өтініш білдірді.