Резидентура: грант иегерлерінің тізімі жарияланады
Денсаулық сақтау министрлігі резидентураға түсетін талапкерлерге өтініш мәртебесін алдын ала тексеріп, конкурстық іріктеудің маңызды мерзімдерін өткізіп алмауға шақырды.
Бүгін кешкі 18.00-де өтінімдерді өңдеу аяқталды. Ертең сағат түскі 13:00-де конкурс нәтижесі жарияланады. Шешіммен келіспеген үміткерлер 12 тамыз сағат 13:00-ге дейін апелляцияға бере алады. Комиссия келіп түскен арыз-шағымдарды 14 тамыз сағат 12:00-ге дейін қарайды. Сол күні 13:00-де қорытынды реттеу жүргізіліп, соңғы нәтиже жарияланады. Бұдан бөлек, талапкерлер жергілікті бюджет қаражатының есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатыса алады. Өтініштерді қабылдау 12-17 тамыз аралығында жүреді. 18 тамызда жеңімпаздар тізімі жарияланады. Ал ақылы нЕгізде білім алуға ниеттілер 25 тамызға дейін өтініш бере алады, оқуға қабылданғандардың тізімі 27 тамызда белгілі болады.