Елімізде зерттелмеген жәндіктердің 130 түрі анықталды

«Жоңғар Алатауы» ұлттық паркінің қызметкерлері бұрын-соңды зерттелмеген жәндіктердің 130 түрін анықтады. 

Бес жыл бойы жүргізілген ғылыми жоба аясында олар зоология институтының ғалымдарымен бірге омыртқасыздарды есепке алып, зерттеп жатыр. «Бұл жұмыстар табиғаттың теп-теңдігін сақтау үшін маңызды», - дейді саладағылар.

Биолог Әсем Қанапиянованың ұлттық паркте еңбек еткеніне он жылға жуықтады. Соның бес жылында ғылыми жобалармен айналысып келеді.  Көктемнен қара күзге дейін ол таулы аймақтағы экспедицияға шығып, көзге көріне бермейтін жәндіктерді зерттейді.

Әсем Қанапиянова, биолог-энтомолог:

- Кездесу ареалын немен қоректенетінін, жалпы экологияға әсер етуін және экологияның, табиғаттың өмір тіршілігіне әсер етуін зерттеп жатырмыз. «Бұрындары ұлттық парк аумағында жәндіктердің 500-ден астам түрі тіршілік етеді», - деп есептелетін. Ғылыми жұмыс нәтижесінде омыртқасыздар саны одан да көп екені дәлелденді. Өйткені мамандар әрбірін суретке түсіріп, сипаттамасын әзірлеп халықаралық атауын да анықтайды. Үлгілерін мұражайға орналастырады.

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Жоңғар Алатауында 787 түрлі жәндіктің мекен ететіні анықталған. Мәселен, мына Парнасиус Аполонус атты көбелек Қара өзен бойынан табылып, 2022 жылы тіркеуге алынған. Ал мына аралар көктерек шатқалында көптеп кездеседі. Жәндіктерді зерттеп олардың тіршілік ететін аймағын анықтау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. 

Есепке алынған жәндіктердің 16-сы осы аймақта ғана тіршілік етеді. Ал 7-еуі қызыл кітапқа енгізілген. «Энтомолог ғалымдар Жетісу Алатауында омыртқасыздардың 5 мыңнан астам түрі кездеседі», - деп болжап отыр.

Роман Ященко, ҚР ҒЖБМ зоология институтының бас директоры:

- Жоңғар Алатауының фаунасы өте ерекше. Біз ғылымға белгісіз жәндіктердің жаңа түрлерін анықтадық. Олардың сипаттамасына дейін жазып зерттеп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс табиғи мұрамызды және тұтас экологияны сақтау үшін қажет әрі маңызды.

Жинақталған мәлімет негізінде зоология институтының ғалымдары кітап шығарған. Сонымен қатар ақпараттар этномологтардың халықаралық сайтына салынып, ғылыми айналымға енгізіліп жатыр. 

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев