Қазақстан мен Индонезия экономикалық байланыстарды дамытады
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Индонезия Республикасының Экономикалық істер жөніндегі үйлестіруші министрі Аирлангга Хартартомен кездесу өткізді.
Онда сауда-экономикалық өзара іс-қимыл және түрлі салалардағы әріптестікті кеңейту мәселелері талқыланды. Индонезия – Қазақстанның оңтүстік-шығыс Азиядағы маңызды серіктестерінің бірі. Былтыр екіжақты сауда көлемі 244,7 млн. долларды құрады. Негізінен өңдеу өнеркәсібі, металлургия және химия өнімдері экспортталады. Ал Индонезиядан электроника мен тоқыма жеткізіледі. Олжас Бектенов еліміз сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді. Кездесу барысында энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, цифрлық экономиканы бірлесе дамыту жайы сөз болды. Аирлангга Хартарто өз кезегінде Индонезия тарапы Қазақстанмен әріптестікті одан әрі тереңдетуге дайын екендігін білдірді.