Бес жылда халық саны миллионға өсті

Демография бір есептен осылай көрінбейтін жау.

Бір тәуірі біздің елде дүниеге келгендердің саны қайтыс болғандардан екі еседен аса көп. Ұлттық статистика бюросының есебіне сүйенсек, бүгінде елде 20 547 909 тұрғын бар. Жыл басынан бері 30 мыңнан астам адам көз жұмса, 74 067 бала дүние есігін ашты. Көші-қондағы өзгерістер де халық санының өсуіне әсер етті. Мәселен, биыл қаңтар-сәуір аралығында 989 адам шетелге қоныс аударса, 6 197 адам көшіп келді. Жалпы кейінгі бес жылда халық саны 1 млн-ға өсті. Ал былтыр табиғи өсім 200 270 адамға жетті. Жыл ішінде 335 005 бала дүниеге келді. 134 735 адам көз жұмды. Сонымен қатар кейінгі жылдары миграциялық сальдо оң көрсеткіш көрсетіп отыр. 

Демографиялық көрсеткіш

/қаңтар-сәуір, 2026 ж./

Барлығы – 20 547 909 адам

74 067 бала дүниеге келді

31 188 адам қайтыс болды

6 197 адам көшіп келді

989 адам көшіп кетті

Демографиялық көрсеткіш

/2025 жыл/

Табиғи өсім – 200 270 адам

335 005 бала дүниеге келді

134 735 адам қайтыс болды  

Данагүл Қарабекова, ҚР Ұлттық статистика бюросы демографиялық статистика және халық санағы басқармасының бас сарапшысы:

- Ұзақ уақыт бойы, 2012 жылдан бастап, 2022 жылға дейін Қазақстанда теріс миграциялық сальдо байқалды. Яғни кеткендердің саны келгендерден көп болды. 2023 жылдан бастап жағдай өзгерді. Миграциялық сальдо оң болды. 2025 жылы миграциялық өсім 16 153 адамды құрады.