Құрбан айтта қазақстандықтар неше күн демалады?
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) күнтізбесіне сәйкес, 2026 жылы Құрбан айт 27–29 мамыр аралығында өтеді. Мерекенің алғашқы күні — 27 мамыр ресми демалыс күні болып бекітілген, деп хабарлайды «24KZ».
Биыл бұл күн аптаның ортасы — сәрсенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты қазақстандықтар қосымша бір күн демалады.
Бес күндік жұмыс кестесі бойынша 27 мамыр — мерекелік демалыс күні. Алты күндік жұмыс кестесімен еңбек ететін азаматтар үшін де мерекелік демалыс күні болып есептеледі.