Қылмысқа ұрынып қалмаңыз: ІІМ студенттерге үндеу жасады
ҚР Ішкі істер министрлігі оқушылар мен студенттерге үндеу жасады, деп хабарлайды «24KZ».
«Санаулы күндерден соң көптен күткен каникул басталады. Бұл - тынығу мен сергуге, жаңа әсер алуға таптырмас уақыт. Алайда бір маңызды мәселе бар бар. Дәл осы кезеңде интернетте және әлеуметтік желілерде тез әрі оңай табыс табуға бағытталған «тартымды» ұсыныстар жиі кездеседі. Бірақ олардың артында есірткі тасымалдау, тарату, сондай-ақ насихаттау мен жарнамалау сияқты заңсыз әрекеттер жасырынуы мүмкін. Бұл жай ғана қауіп емес, бұл – қылмыс», делінген хабарламада.
Ішкі істер министрлігі ескертеді:
есірткіге қатысты қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады. Ең қатаң жаза - өмір бойына бас бостандығынан айыру. Бір ғана «жеңіл табыс» бүкіл өміріңізге балта шабуы мүмкін. Егер сізге күмәнді жұмыс ұсынылса, бірден бас тартыңыз.