Шымкентте 1,2 гектар жер мемлекеттік қорға қайтарылды

Шымкентте әлеуметтік нысандар мен жол құрылысына арналған 1,2 гектар жер мемлекеттік қорға қайтарылды.

Прокурорлық тексеріс барысында кадастрлық құны 90 миллион теңге болатын учаскелер, жекенің иелігіне заңсыз берілгені анықталды. Қазір жалған құжаттардың күші жойылып, кінәлі лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне құқықтық баға беру мәселесі қарастырылып жатыр. Мамандардың айтуынша, жердің нарықтағы бағасы бірнеше есе жоғары болуы мүмкін. Сондықтан учаскелердің қайтарылуы бюджет қаражатын үнемдеп, стратегиялық маңызы бар құрылыстардың уақытылы жүруіне септігін тигізеді.

Нұржан Нұрланұлы, қала прокурорының аға көмекшісі:

- Рәсімделуін тексеру барысында жалған қаулылар немесе заңсыз рәсімдеу фактілері анықталған болатын. Соттың шешімдерімен мемлекет мұқтаждығы үшін алынуға жататын жерлердің ішіндегі кейбір учаскелер заңсыз деп танылып, бүгінгі таңда кадастрлық құны 90 млн асатын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды.