Павлодар облысында қауіпті су айдындарының цифрлық картасы әзірленіп жатыр
Павлодар облысында шомылуға қауіпті су айдындарының цифрлық картасы әзірленіп жатыр.
Мамандардың айтуынша, бұл бастама оқыс жағдайлардың алдын алу үшін жасалады. Жылда шомылу кезеңі маусым айында басталатын. Алайда қазірдің өзінде жасөспірімдердің жабдықталмаған аумақтарда суға түсуі жиілеген. Осыған байланысты облыс аумағында профилактикалық іс-шаралар күшейтілді. Шомылуға тыйым салынған қауіпті учаскелер туралы ақпарат, мобильді қосымшаға кезең-кезеңімен енгізіледі. Тұрғындар демалыс орнын таңдаған кезде, оның қауіпсіздігін де тексере алады. Өңірде шомылуға арналған 45 арнайы орын бар. Ал 43 жағажай қауіпті аумақтар тізіміне енді.
Тілекжан Галямов, облыстық ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы:
- Павлодар облысы бойынша 25 орын, Ақсу қаласы бойынша 18 орын, картографиялық сервистер арқылы цифрлық форматта ашылып, халыққа қолжетімді болды. Кез келген адам аталған жерлерді қосымша арқылы ашып, анықтай алады.