Павлодар облысында жазғы демалыспен 100 мыңнан оқушы қамтылады
Соның ішінде әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 35 мыңға тарта оқушы бар.
Жалпыға бірдей білім беру қоры арқылы 10 мыңнан астам балаға тегін жолдама беріледі. Жаз мезгілінде қала сыртындағы 11 лагерь жұмыс істейді. Сонымен қатар мектеп жанындағы және бейіндік лагерьлер де балаларды қабылдайды. Белсенді демалысты ұнататындар үшін шатырлы және киіз үй лагерлері ұйымдастырылады. «Жолдама сыйла» акциясы да биыл жалғасын тапты. Кәсіпорындардың қолдауымен 4 мыңға жуық бала демалыспен қамтылады.
Әйгерім Әбенова, Білім беру басқармасының басшысы:
- Жазғытұрым демалатын балалардың бағыты бұл адал азамат бағытымен жұмыс жасасақ бұдан басқа IT бағытында жасанды интеллект бойынша жаңа жобаларымыз бар. Әр бала өзінің жобасын жасап, ең бастысы назар аударып, өзінің тәжірибесін алмаса алатын сондай бір бағыттарымен шығады.