«Қазақстан Халық Кеңесі туралы» заң жобасы мақұлданды
Парламент Палаталарының бірлескен отырысында “Қазақстан Халық Кеңесі туралы” Конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Құжатта жаңа Кеңестің нақты ұйымдастырушылық моделі қалыптастырылған.
Шерхан Абзалұлы, тілші:
- Қазақстан Халық Кеңесі жаңа Конституция бойынша құрылатын жоғары консультативтік орган болады. Оның мақсаты халық пен мемлекет арасындағы диалогты күшейту. Еске салсақ, осыған дейін мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық Құрылтайдың орнына осы ұйымды құруды тапсырған болатын. Бүгін өткен Парламент Палаталарының бірлескен отырысында заң жобасын Әділет Министрі Ерлан Сәрсембаев таныстырды. Ол Халық кеңесін ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша келісілген ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеуге арналған пікір алмасу алаңына айналады деп отыр. Кеңестің құзыретіне заң жобаларын енгізу және референдум өткізу туралы бастамалар кіреді. Ал құрамында 126 адам болмақ. Оларға қойылатын талаптар да бар. Мәселен, қоғамдық қызмет тәжірибесі болуы қажет. Сонымен бірге адалдықты қамтамасыз ету және мүдделер қақтығысын болдырмау үшін бірқатар шектеу енгізіледі. Халық кеңесі мүшелерін 4 жылға сайлау ұсынылып отыр. Оның төрағасы да осы мерзімге сайланады.
Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Бұдан өзге жиында 3 заң жобасы қаралды. Олар ел астанасының мәртебесі, әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы және сайлау туралы. Өзге де өзгертулер мен толықтырулар екінші оқылымда тағы қаралатын болады.
Шерхан Абзалұлы, Жандос Битабаров