Қазақстан Халық Кеңесі «Бірлік пен келісім тұжырымдамасын» талқылады
«Бірлік пен келісім тұжырымдамасы» жобасына ұсыныстар әзірленіп жатыр.
Халық Кеңесі жанындағы жұмыс тобының ұйымдастыру отырысы өтті. Тұжырымдаманы әзірлеуді Мемлекет басшысы тапсырған еді. Ал Халық Кеңесі құжаттың қоғамдық және сарапшылық әлеуетті біріктіру, сондай-ақ ортақ ұстанымдарды келісетін негізгі алаңға айналады. Жұмыс тобының құрамына Халық Кеңесінің мүшелері, «Бірлік» қоғамдық тобының өкілдері, этномәдени бірлестіктер, сарапшылар және ғылыми қауымдастық өкілдері кірді. Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік комитетінің төрағасы Марат Әзілханов қазіргі заманғы сын-қатерлерді ескере отырып, қандай тәсілдерді қайта қарау қажеттігін бағалап, оларды іске асырудың нақты тетіктерін ұсыну қажет дейді. Ал жұмыс тобының қорытындысы бойынша барлық ұсыныс жүйеленіп, Тұжырымдаманың түпкілікті жобасын әзірлеу барысында ескеру үшін Мәдениет және ақпарат министрлігіне жолданады.
Марат Әзілханов, Қазақстан Халық Кеңесінің қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік комитетінің төрағасы:
- Қазақстан Халық Кеңесінің аясында арнайы жұмыс топ осы күні жасақталды. Бүгін бірінші ұйымдастырушылық жиналысымызды өткіздік. Топқа осы саланың 39 маманы, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, әртүрлі саладағы сарапшылар, мамандар кірді. Біздің мақсатымыз – 10 күн ішінде жан-жақты ұсыныстарымызды жинақтап, топтастырып, сараптап, оларды талқылағаннан кейін барып, сол тұжырымдамаға енгізу.