Жолдағы қауіпсіздік: Маңғыстау облысында лазерлік бағыттаушы жүйелер іске қосылды 

Фото: polisia.kz

Маңғыстау облысының автожолдарында лазерлік бағыттаушы жүйелер іске қосылды, деп хабарлайды «24KZ». 

Облыстық полиция департаментінің айтуынша, арнайы жарық бағыттаушы құрылғылар Бейнеу – Ақжігіт бағытындағы тасжол учаскелерінде орнатылды.  Жаңа технология түнгі уақытта және көріну деңгейі төмен жағдайларда жүргізушілерге жол бағытын айқын көруге мүмкіндік береді. 

Лазерлік бағыттаушы жүйелер жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және трассадағы қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған. Аталған жоба еліміздің бірқатар ақылы автожолдарында кезең-кезеңімен енгізілуде.